KYC/AML рәсімдері
MTF ETSE-нің барлық қатысушылары (мүшелері) ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл (AML), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (CTF) және клиенттерді сәйкестендіру ережелері (KYC), оның ішінде тиісті тексеру (CDD) бойынша AIFC талаптарын сақтауға міндетті.
MTF қатысушылары (мүшелері) өз қызметінің мыналар үшін пайдаланылмауын қамтамасыз етуге тиіс: нарықты манипуляциялау және нарықты теріс пайдалану, қаржылық қылмыстар және Anti-Money Laundering And Counter-Terrorist Financing Rules AIFC бойынша ақшаны жылыстатуға немесе терроризмді қаржыландыруға байланысты операциялар.
Қатысушылардың міндеттері:
- AIFC заңдарын, оның ішінде AML/CTF реттеуін және MTF ETSE-нің кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі құжаттарын сақтау, сондай-ақ қызметкерлердің немесе аффилиирленген тұлғалардың кез келген әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы ETSE-ні дереу хабардар ету.
- Нарықтағы мәмілелер барысында анықталған кез келген күдікті немесе алаяқтық әрекеттер, оның ішінде нарықты теріс пайдалану белгілері туралы MTF ETSE-ге хабарлау.
- MTF ETSE қатысушылардың түпкілікті бенефициарлық иелерін сәйкестендіруді жүргізеді, осыған байланысты қатысушылар мүшелікке өтінім берген кезде тиісті ақпаратты ұсынуы қажет.
- Қатысушылар компанияның байланыстары, трейдерлері және акционерлері туралы өзекті ақпаратты жүргізіп отыруы тиіс (акционерлер құрылымында 5%-дан астам өзгеріс болған жағдайда).
- Қатысушылар Мүшелік ережелеріне сәйкес, оның ішінде AML/CTF саласындағы тексеру жүргізу үшін құжаттардың толық жиынтығын ұсынады (Membership rules).
- Қатысушылар клиенттердің мәмілелері үшін толық жауапты болады.
- Қажет болған жағдайда Қатысушылар AML/CTF және нарықты теріс пайдалану тұрғысынан тексерулер үшін қажетті барлық ақпаратты сұрау бойынша MTF ETSE мен AFSA-ға ұсынуға дайын болуы тиіс.
- Талаптарды сақтамау мүшелікті тоқтата тұруға/тоқтатуға және саудаға қолжетімділікті қамтамасыз етуден бас тартуға әкеп соғады.