Қатысушыларға қойылатын талаптар
Қатысушыларға (мүшелерге) қойылатын талаптар:
- Заңды тұлға
- Салықтық берешектің болмауы
- Банкроттық немесе таратылу үрдісінде болмауы
- Басшы қызметкерлердің жоғары білімі болуы тиіс
- Экономикалық қызметке және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға байланысты қылмыстар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы (аға атқарушы директор үшін)
- Саудаға қолжетімділік алу үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын ұсыну
- Клирингтік орталық көрсететін клирингтік қызметтерді алуға жіберілген болу
- Кіру жарнасын төлеу
- Тауар нарығында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
- Компанияның қызметі туралы ақпараты бар корпоративтік сайттың болуы
Арнайы талаптар (брокер/дилер үшін):
- Өтініш берушінің жарғылық капиталының мөлшері кемінде 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрауы тиіс.
- Өтініш берушінің меншікті капиталының мөлшері кемінде 30 000 000 (отыз миллион) теңгені құрауы тиіс.